Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ер адам 7 жастағы інісімен бірге өзенге батып кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ағайынды екі адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы БҚО ТЖ департаменті Instagram парақшасында мәлім етті.

"Сағат 16.30-да жабдықталмаған және тыйым салынған жерден түсіп, шомылған 35 жастағы ер адам мен 7 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен. Жедел құтқару жасағы келгенге дейін ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Құтқарушылар (8 адам, 2 техника, 2 жүзу құралы) жасөспірімнің денесін іздестіріп жатыр. Марқұмдар бір-біріне туыс, 1987 жылғы ер адам ағасының баласын құтқарамын деп суға кеткен. Осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның алтауы – балалар", - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981543-bqo-da-er-adam-7-zastagy-inisimen-birge-ozenge-batyp-ketti/

pixel