Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда көпқабатты үйдің кіреберісінен пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Екібастұздағы подъезде ер адам өлі табылды
Көрнекі фото: Pixabay.com

Екібастұзда көпқабатты үйдің кіреберісінен тұрғындар пышақ жарақатынан қайтыс болған 41 жастағы ер адамның денесін тауып алды. Павлодар облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Instagram парақшалардың бірінде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда көппәтерлі тұрғын үйдің жанында жедел жәрдем және полиция көліктері тұр.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 41 жастағы тұрғынның денесі 2 тамыз күні табылған. Полицияның мәліметінше, ер адам пәтерлердің бірінде танысымен ішімдік ішкен. Отырыс кезінде олардың арасында өзара кикілжің болып, араққа масайған біреуі екіншісіне пышақ ала жүгірген.

"Осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 57 жастағы ер адамды анықтап, ұстады", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баптың санкциясында 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981550-ekibastuzda-kopqabatty-uidin-kireberisinen-pysaq-zaraqatyn-algan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel