Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында таудан белгісіз адамның қаңқасы табылды

Опубликовано:

тау
Скриншот: Instagram/police_zhetysu

12 шілдеде бір топ турист Жетісу облысы Ескелді ауданы аумағындағы тау асуынан адам қаңқасын тапқан. Қазіргі уақытта белгісіз адамның жеке басын анықтау бойынша полиция қажетті іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жетісу облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі хабарламасына сәйкес, 12 шілдеде бір топ турист Ескелді ауданындағы биіктігі шамамен 3200 метр болатын Сапожникова асуының маңынан адам сүйектерін тапқан.

"Оны тексеру мақсатында 5 тамызда Ескелді ауданының полиция қызметкерлері облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге оқиға орнына тікұшақпен аттанды. Сүйектер алынып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта белгісіз адамның жеке басын және оның қайтыс болуының барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981995-zetisu-oblysynda-taudan-belgisiz-adamnyn-qanqasy-tabyldy/

pixel