Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді іздестіруге әскерилер тартылды

Опубликовано:

Полицейлер Оралдағы барлық көлікті тексеруде
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен екі ер адамды іздестіруге Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Қала шетіндегі көліктердің барлығын қауіпсіздік күштері тексереді, деп хабарлайды Мой город.

Басылымның хабарлауынша, қалаға кіретін және шығатын барлық жолдарды полицейлер тексеріп жатыр, күдіктілер жасырынуы мүмкін орындар да тексерілуде.

"Барлық жеке құрам мен оған бекітілген күштер іздеу жұмыстарына бағытталды. Егер сізде күдіктілердің ықтимал немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефонына хабарласыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар күдіктілерді ұстауға Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылғаны белгілі болды. Күдіктілерді іздеу әлі жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз күні Оралда қалаға белгілі кәсіпкерді өлтіріп кеткен болатын. Ер адам бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982140-oralda-kasipkerdi-oltirgen-kudiktilerdi-izdestiruge-askeriler-tartyldy/

pixel