Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті

Опубликовано:

Шымкентте 11 жасар қыз суға кетті
Фото: Facebook/Shymkentqalasynyn.tjd

Жексенбі, 7 тамыз күні Шымкентте 11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Еңбекші ауданы Қарабастау тұрғын алабында болған. Хабарлама ТЖД пультіне сағат 15.00 шамасында түскен.

"Алдын ала мәлімет бойынша 2011 жылы туған қыз өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Ол жүзуді білмеген", – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына жеткен ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бірнеше сағат бойы су астында іздеу жұмыстарын жүргізді.

"Нәтижесінде сүңгуір-құтқару жасағы қыздың денесін тауып, оны судан шығарып, туыстарына тапсырды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982173-symkentte-11-zastagy-qyz-badam-ozenine-batyp-ketti/

pixel