Елордада жаңа университет ғимаратын жаңбыр суы басты (видео)
Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы Astana IT University ғимаратын қатты нөсерден кейін су басты, деп жазады Halyq uni басылымы.
Оқиға орнында түсірілген видео Astanovka98 Telegram-каналында жарияланған. Бейнежазбадан ғимараттың төбесінен су сорғалап жатқанын байқауға болады.
"ЭКСПО-дағы Astana IT University ғимаратында оқу күні осылай басталды", - делінген видеоның сипаттамасында.
Сондай-ақ бірнеше көше көлшікке айналған.
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл материал жазылған уақытта су басу туралы ақпарат түспегенін мәлім етті.
Ведомствоның ресми Telegram-каналы 8 тамызда қалада қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп хабарлайды. Астаналықтарды ертең де дәл осындай ауа райы күтіп тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982247-elordada-zana-universitet-gimaratyn-zanbyr-suy-basty-video/