Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің ұсталған сәтінің видеосы тарады

Опубликовано:

күдіктілер
Видеодан кадр: Instagram/policebqo

Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді ұстады. Оқиға орнынан түсірілген видео облыстық полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Ведомствоның хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, оған сәйкес сотталушы 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Іс Ішкі істер министрінің бақылауында болады.

Еске сала кетейік, 6 тамызда Оралдағы қалалық саябақтың автотұрағында қалаға белгілі кәсіпкерді әлдекімдер өлтіріп кеткен болатын. Мұның бәрі бақылау камерасының объективіне түсіп қалған.

Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Көп ұзамай полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерге іздеу жариялады. Бүгін таңертең кісі өлтірді деген күдіктілердің ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982259-oraldyq-kasipkerdi-oltirdi-degen-kudiktilerdin-ustalgan-satinin-videosy-tarady/

pixel