Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы "Спутник" тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық прокуратураның басылымға берген мәліметінше, әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылған.

"Екі бүлдіршіннің мәйітінде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды", - деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Айта кетейік, кеше, 6 тамыз күні әлеуметтік желі қолданушылары қаладағы "Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғанын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982262-almatyda-eki-bala-men-anasynyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel