Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында электромеханик жұмыс орнында қаза тапты

Опубликовано:

Жұмысшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында 9 тамызда "Восточный" разрезінде электромеханик көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 11:35-те "ЕЭК" АҚ "Восточный" разрезінде адам өлімімен аяқталған оқиға болған. 

"Жөндеу жұмыстары кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі  электромеханикті металлқұрылымын тасыған № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған", - дейді ведомстводан.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ол циклдік ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген

Сонымен қатар облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу бастағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982497-pavlodar-oblysynda-elektromexanik-zumys-ornynda-qaza-tapty/

pixel