Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында тас жолда көлік жарылды (видео)

Опубликовано:

көлік
Видеодан кадр: Instagram/na_dorogah_aktau

Ақтау-Жетібай тас жолында көлік жарылып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан видео Instagram-дағы na_dorogah_aktau парақшасында пайда болды.

"Кинодағыдай жанып жатыр. Ақтау-Жаңаөзен тасжолы. Қарақия", - дейді бейнежазбаны түсірген адам кадр сыртында.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Lada.kz басылымына берген мәліметінше, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта болған.

1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.

"Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983092-mangystau-oblysynda-tas-zolda-kolik-zaryldy-video/

pixel