Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жол-көлік оқиғасынан соң жүргізуші мемлекеттік нөмірді шешіп, қашып кеткен

Опубликовано:

көлік
Фото: Қостанай облыстық ПД

Бүгін таңертең қостанайлық жүргізуші орталықтағы орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық бағандарын бұзып өткен. Содан соң көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп, ізін суытқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңғы төрт кезінде тәртіп сақшыларына "Март" сауда үйінің күзетшісінен хабарлама түскен. Ол Қостанайдың орталығында белгісіз жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасағанын жеткізген. Мercedes орындықтарды, қоқыс жәшіктерін және жарық бағандарын бұзған.

"Жол апатынан кейін жүргізуші көліктің нөмірін шешіп алып, қашып кеткен. Қазіргі уақытта ол ұсталды", - деп хабарлайды Қостанай облысының полиция департаменті.

Ер адамға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (Адамдардың денсаулығына, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бұзылуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) және 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндетін орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Сондай-ақ жүргізушінің мас күйде болған-болмағанын анықтау үшін сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983165-qostanaida-zol-kolik-oqigasynan-son-zurgizusi-koliginin-memlekettik-nomirin-sesip-alyp-qasyp-ketken/

pixel