Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртаудағы бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды (фото, видео)

Опубликовано:

жарылыс
Видеодан кадр: instagram.com/qaragandy_tjd

Бүгін Теміртаудағы бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Бұл туралы Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бүгін 16 тамыз сағат 12:08-де Теміртау қаласы Металургов даңғылында орналасқан тұрғын үйдің пәтерінде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан қабырғалар мен екінші және үшінші қабаттар опырылып түскен.

Төтенше жағдайдан үш пәтердің бүлінгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта барлық тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

"53 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 7-еуі бала. Оқиғадан 1989 жылғы пәтер иесі зардап шекті. Ол Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеді.

Сонымен қатар апат болған жерге облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызметтер келді.

Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983415-temirtaudagy-bes-qabatty-turgyn-uide-zarylys-boldy-foto-video/

pixel