Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында оқиға орнына асыққан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады (фото)

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі
Фото: polisia.kz

19 тамыз күні кешке "Талдықорған – Үштөбе" тас жолында Газель мен Nissan автокөлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық басылымның дерегінше, жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

жол апаты
Фото: polisia.kz

Сондай-ақ, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем бригадасы да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшыраған. Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көлікке залал келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984059-zetisu-oblysynda-oqiga-ornyna-asyqqan-zedel-zardem-koligi-zol-apatyna-usyrady-foto/

pixel