Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бес адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам мерт болып, тағы бес адам ауылдық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың мәліметінше, жол апаты 21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты "Покровка – Жаңажол" тасжолының 54-ші шақырымында болған.

Белгілі болғандай, Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылына қарай бағыт алған Lada Largus көлігі аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан көлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (бірі бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмған.

Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984161-aqtobe-oblysynda-zol-apatynan-5-adam-qaza-tauyp-5-adam-auruxanaga-tusti/

pixel