Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 20 жастағы жігіттің аяғы жұлынып кетті

Опубликовано:

Ота1
Көрнекі фото: NUR.KZ

20 тамызда Көкшетау полициясына фельдшерден 20 жастағы жасөспірім сол аяғының травматикалық ампутациясымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түскен. Бұл жайтқа қатысты еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 20 тамыз күні сағат 19.44-те Көкшетауда жедел жәрдем станциясының фельдшерінен облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне "травматикалық ампутация, сол жақ жіліншіктің үштен бір бөлігі, жұмсақ тін ақауларымен сол жақ жіліншіктің үштен бір бөлігінің жыртылуы" диагнозымен 20 жастағы қала тұрғынының жеткізілгені туралы қоңырау түскен.

Жедел-тергеу тобы жәбірленушінің кәсіпорында жүк көтергіште (тауарларды жылжытуға арналған құрылғы) жұмыс істеу кезінде жарақат алғанын анықтаған.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ПД хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984254-koksetauda-20-zastagy-zigittin-ayagy-zulynyp-ketti/

pixel