Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола тұрғыны өз анасын ұрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ер адамның жұдырығы
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақмола облысында 31 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрды деген күдікке ілінді. Жәбірленуші дене жарақаттары мен сынықтармен ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, 22 тамыз күні Аршалы аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухана қызметкерінен телефон хабарламасы түскен.

Белгілі болғандай, егде жастағы әйел қабылдау бөліміне қабырға астының көгерген жарақаты, оң жақтағы 9, 10 қабырғасының жабық сынуы диагнозымен түскен.

71 жастағы зейнеткерге дене жарақатын келтірген күдікті оның 1991 жылы туған ұлы болып шықты. Әйел тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккені анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984653-aqmola-turgyny-oz-anasyn-urdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel