Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коммуналдық кәсіпорынның екі қызметкері Оралдағы ағын суға батып кетті

Опубликовано:

Оралдағы кәріздік сорғы стансасы
Оқиға орны. Фото: Mgorod.kz

"Батыс су арнасының" екі қызметкері Оралдағы ағын суға батып кетті. Төтенше жағдай 24 тамыз күні сағат 11 шамасында №2 кәріздік сорғы станцсасында болды. Оқиға орнына кәсіпорын басшысы барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

"Батыс су арнасы" ЖШС Бас директоры Әнуар Әркенов оқиға орнында 1971 және 1982 жылдары туған екі қызметкер ысырманы ауыстыру бойынша жөндеу жүргізгенін хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша ысырма жұлынып кетіп, кәріз сорғы станциясын ағынды су басып қалған. Екі қызметкер де батып кетті.

Оралда екі қызметкер қайтыс болған жер
Оқиға орны. Фото: Mgorod.kz

Кәсіпорын қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге уәде беріп отыр. Екі қызметкер де аталған ЖШС-де ұзақ уақыт жұмыс істеген.

1982 жылы туған ер адамның туған ағасы марқұмның артында үш баласы қалғанын айтты.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Марқұмның денелері судан шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984659-kommunaldyq-kasiporynnyn-eki-qyzmetkeri-oraldagy-agyn-suga-batyp-ketti/

pixel