Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Артқа қарап тұрған жас жігіт
Көрнекі фото: Pexels.com

Осыдан төрт күн бұрын Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін басылымға Орал қаласының тұрғыны Жанат Хамидуллина ұлы Ерасыл Төлеуғалиннің 21 тамызда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін хабарлаған еді.

18 жастағы жігіт колледждің үшінші курсында оқитын. Демалыс кезінде Ерасыл Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарған.

"21 тамыз, жексенбі күні қорада өрт шығып, ондағы шөп жана бастаған. Күйеуімнің ағасы ұлдары мен Ерасылға малды алысқа айдап жіберуді тапсырған. Балалар малды алысқа айдаған соң, Ерасыл қалғандарына үйге қайта беріңдер деп, өзі әлдебіреумен сөйлесетінін айтып, өзен жағасында қалып қойған. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. Содан бірден іздей бастадық. Бәлкім, ол бірдеңеден қорқып қалған шығар, мүмкін шок жағдайында болды ма екен", – деп бөлісті оның анасы.

25 тамызда Ерасыл Оралға оралуы керек болатын. Алайда бүгін сүңгуірлер оның денесін Жайық өзінен алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984834-bqo-da-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketken-18-zastagy-zigit-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel