Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен әкесі мен баласы өзенге батып кетті

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: instagram.com/atyrau_tjd

Атырау облысында шомылуға жабдықталмаған жерде су түскен әкесі мен баласы Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД ресми Telegram-каналында.

Ведомство мәліметінше, 25 тамыз күні сағат 16.08-де Атырау облысы полиция департаментінің кезекшісінен Жайық өзенінде ер адам мен баланың суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына шұғыл келген құтқарушылар 1995 жылғы ер адам мен оның 2013 жылғы ұлын іздестіре бастаған. Олар суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен.

Сағат 16.35-те ТЖ департаментінің күшімен ер адамның денесі табылып, судан шығарылған, сағат 18.44-те баланың денесі табылған.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы тартылған.

Айта кетейік, бұған дейін осы облыстағы Шароновка өзеніне 11 жастағы қыз батып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984972-atyrau-oblysynda-somyluga-zabdyqtalmagan-zerde-su-tusken-akesi-men-balasy-suga-batyp-ketti/

pixel