Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әскери қызметшілерге оқ атқан": Мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азамат ұсталды

Опубликовано:

күдікті азамат
Күдікті. Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Алматы облысында мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азамат ұсталды. Ер адам шекарашыларға қарсылық көрсетіп, аңшы мылтығынан оқ атқан. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 24 тамыз күні кешке Алматы облысы Кеген ауданы Іле-Алатау жотасындағы тау шатқалдарының бірінде шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азаматты ұстаған.

"Шекара нарядының "тоқта және құжатыңды көрсет" деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан", - делінген ведомство хабарламасында.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ведомстводан шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмегенін, олардың шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырып жатқанын атап өтті.

Әскери қызметшілердің шекара бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984997-askeri-qyzmetsilerge-oq-atqan-memlekettik-sekarany-buzgan-seteldik-azamat-ustaldy/

pixel