Түркістан облысында базардан шыққан өртті толық сөндіруге бес сағат уақыт кеткен (фото)
Опубликовано:

26 тамыз түнгі сағат 02:43-те Түркістан облысы Жетісай қаласында базар өртенді. Жалынды толық сөндіруге 5 сағатқа жуық уақыт кеткен, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында.
Ведомствоның хабарлауынша, 26 тамыз күні түнгі 2:43-те Түркістан облысы Жетісай қаласы Ауезов көшесі №21 А мекен жайда орналасқан Күлпаршын базарынан өрт шыққан.
"Өртке 02:45-те алғашқы өрт сөндірушілілер келіп жеткенде "Күлпаршын базары" аумағындағы сауда нүктелері жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жалпы 11 бірлік техникасымен 43 қызметкері жұмылдырылды. Өрт 05:20-да оқшауланып, 07:35-те толық сөндірілді", - делінген хабарламада.
Департамент мәліметінше, өрттен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі және келтірілген материалдық шығын анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985050-turkistan-oblysynda-bazardan-syqqan-ortti-tolyq-sondiruge-bes-sagat-uaqyt-ketken-foto/