Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шетелдік азаматтар отырған автобус жол жиегіне шығып кетті

Опубликовано:

шетелдік автобус
Жол-көлік оқиғасы болған жер. Фото: Telegram/polisia.kz

Бүгін, 27 тамызда Түркістан облысы аумағында тас жолда шетел азаматтарын тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы жол шетіне шығып кетті. Адам шығыны жоқ, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама таңғы сағат 7:18 шамасында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткенін анықтаған.

"Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетелдік азаматтар бар екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Адам шығыны жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985107-turkistan-oblysynda-seteldik-azamattar-otyrgan-avtobus-zol-ziegine-sygyp-ketti/

pixel