Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында "КамАЗ" тіркемесімен соқтығысқан Audi толығымен жанып кетті

Опубликовано:

Audi көлігі өртеніп жатыр
Оқиға орны. Фото: Polisia.kz

Павлодар облысындағы тас жолда Audi көлігі "КамАЗ" тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеңіл көлік толығымен жанып кетті. Оқиғаның жай-жапсары Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтында жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, 26 тамыз күні "Шарбақты-Павлодар" тасжолының 50 шақырымында Audi 100 көлігінің 38 жастағы жүргізушісі сол бағытта келе жатқан "КамАЗ" тіркемесіне соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көлік толығымен жанып кеткен. Ал түрлі дене жарақатын алған Audi жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

"Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қалиақбаров.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында шетелдік жұмысшылар мінген автобустың жол жиегіне шығып кетіп, салдарынан 12 адамның зардап шеккенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985159-pavlodar-oblysynda-tirkememen-soqtygysqan-audi-tolygymen-zanyp-ketti/

pixel