Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да терезеден құлаған 2 жасар қыз бала ауруханаға түсті

Опубликовано:

Терезе алдында отырған қыз бала
Көрнекі фото: Pexels.com

СҚО-да 2 жасар қыз бала терезеден құлап кетті. Полицейлер бұл факті бойынша тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың мәліметінше, 26 тамыз күні СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлден 2 жасар бүлдіршін жеткізілген. Ол екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Медицина қызметкерлерінің дерегінше, қазір қыз баланың жағдайы қалыпты.

Ал полиция қызметкерлері аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізуде. Анықталғандай, қыз бала оқиғаға орын алған кезде жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болған.

Полиция бұл материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері балалардың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды, оларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салады.

"Кішкентай балалары бар отбасылар жазатайым оқиғаға жол бермес үшін терезеге бұғаттау құрылғыларын орнату керек. Бала терезенің алдына шықпас үшін орындықтар мен басқа да заттарды терезенің маңынан алып тастаған жөн", – деп қосты олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985187-sqo-da-terezeden-qulagan-2-zasar-qyz-bala-auruxanaga-tusti/

pixel