Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда төбелес кезінде екі адам оқ жарақатын алды

Опубликовано:

Полицейлер оқиға орнында
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Қостанай қаласында төбелес кезінде оқ жарақатын алған екі адам ауруханаға түсті. Қазіргі таңда күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, 27 тамыз күні сағат 17:50 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Юбилейный" бау-бақша қоғамында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарламада атыс қаруы қолданылғаны да айтылған. Оқиға орнына полицияның кешенді күштері жіберілген.

Оқиға орнына келген полицейлер оқ жарақатын алған екі ер адамды – 31 және 25 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғындарын тапқан.

Зардап шегушілер дереу ауруханаға жеткізілген.

оқиға орны
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

"Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған дейін де сотты болған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны бір сағаттан кейін қаланың солтүстік бөлігінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Атыс қаруы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ атыс қаруын сақтау және жасау фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылдануда", - деп хабарлады ІІМ ведомстволық сайты.

Сонымен қатар ақпараттық порталдың жазуынша, аталған фактіге қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985274-qostanaidagy-tobeles-kezinde-eki-adam-oq-zaraqatyn-aldy/

pixel