Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты (фото, видео)
Опубликовано:

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан түсірілген видеоны бөлісті. Бейнежазба облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған.
Ведомство мәліметінше, 31 тамыз таңғы 04:20 шамасында Доссор-Құлсары-Ақтау республикалық тас жолының 74 шақырым тұсында Toyota автокөлігі аударылған.

Нәтижесінде 1984 жылғы көлік жүргізушісі мен 1991 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. 1988 жылғы тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985507-atyrau-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty-foto-video/