Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Полицияға жедел жәрдем фельдшерінен хабарлама түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық порталдың хабарлауынша, Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшерінен 30 тамызда облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы терезеден 5 жасар баланың құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталуда.

"Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Балалар қызық көріп ашық терезеге шығып жатады. Баланы құлап кетуден қорғау үшін қысқыштарды қолдану керек", – деп еске салады полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985561-koksetauda-5-zasar-bala-tortinsi-qabattagy-terezeden-qulap-ketti/

pixel