Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда құдық тазалап жатқан үш жұмысшының біреуі оқиға орнында көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті

Опубликовано:

құдық
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Петропавлда құрылыс нысанында 20 жастағы жұмысшы көз жұмып, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, 31 тамыз күні Петропавл қаласының полиция басқармасына Жамбыл көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінен үш қызметкердің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 1994, 2002 және 2004 жылдары туған үш жұмысшының буланудан зардап шеккенін анықтаған.

Олардың бірі, 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болған. Қалған екі зардап шегуші қаланың медициналық мекемесіне жеткізілген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі ("Еңбекті қорғау ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалған.

"Істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", - деп жазады ІІМ-нің ресми сайты.

Сондай-ақ ведомстволық сайт жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдардың өндірістік қауіпсіздік талаптарын қаншалықты сақтағаны тексерлетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985579-petropavlda-qudyq-tazalap-zatqan-us-zumyssynyn-bireui-oqiga-ornynda-koz-zumyp-ekeui-auruxanaga-tusti/

pixel