Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі бала Үлкен Алматы каналына батып кетті

Опубликовано:

су арнасы
Көрнекі фото: pexels.com

Үлкен Алматы каналына екі бала батып кетті. Қайғылы жағдай 27 тамызда болған. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 27 тамыз сағат 13.29-да Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғындарынан хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Үлкен Алматыда каналына 2012 және 2015 жылы туған ұл балалардың батып кеткені туралы айтылған.

Белгілі болғандай, балалар абайсызда суға құлап, оларды қатты ағыс алып кеткен. Осы ретте құтқарушылар кәмелет жасына толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында Алматы облысында екі бала суару каналына батып кеткен болатын.

Кейін ұл мен қыз баланың үйінен 300 метр жерде үлкендердің қарауынсыз ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткені анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985785-almaty-oblysynda-eki-bala-ulken-almaty-kanalyna-batyp-ketti/

pixel