Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда кәріз құдығына түсіп, уланып қалған ағайынды жігіттер құтқарылды

Опубликовано:

кәріз құдығы
Оқиға орнынан фото: instagram.com/aqmola_tjd

Көкшетауда кәріз құдығына түсіп, уланып қалған екі азамат құтқарылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 1 қыркүйекте болған.

Сол күні құтқарушыларға кәріз құдығында екі ер адамның ес-түссіз жатқандығы жайлы хабарлама келіп түскен.

Дереу оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері 1982 жылғы азамат кәріз құдығын тазаламақшы болып, ішіне түскенде есінен танып қалғанын, оның артынан құдыққа түскен 1980 жылғы ағасы да есінен танып қалғанын анықтаған.

"Кәріз люгінде ер адамдар шамамен 30 минуттай болған, кейін оларды ТЖД қызметкерлері шығарып, ес-түссіз күйде жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар аммиак буымен уланған", - деп хабардар етті ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні Петропавлда құдық тазалап жатқан үш жұмысшының біреуі оқиға орнында көз жұмып, екеуі ауруханаға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985859-koksetauda-kariz-qudygyna-tusip-ulanyp-qalgan-agaiyndy-zigitter-qutqaryldy/

pixel