Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда қару-жарақ дүкенінен ірі өрт шықты: адамдар жертөледе қалып қойған

Опубликовано:

Қостанадайдағы қару-жарақ дүкеніндегі өрт
Оқиға орны. Фото: kstnews.kz

Қостанайда бүгін, 3 қыркүйек күні қару-жарақ дүкенінен ірі өрт шығып, жалын жақын маңдағы ТҚКС ғимараттары мен асхананың шатырына жайылған. Жертөледе екі адам қалып қойды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 3 қыркүйек күні сағат 11:20-да Н.Назарбаев даңғылындағы "Оружейная палата" дүкенінің жеке тұрған бір қабатты ғимараты өртеніп, жалын ТҚКС және асхана ғимаратының шатырына ұласқан. Өрт 2 мың шаршы метр аумаққа жайылған.

Қазіргі уақытта оқ-дәрілер жарылуда. Өрт орны толығымен қоршалып, барлау жұмыстары жүргізілуде. Өрт 8 жеке тұрғын үйге тарады, сондай-ақ үйдің жанында тұрған екі жеңіл автокөлік зақымдалған.

Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе 2 адам бар, жеке құрам оқ-дәрілердің жарылуына байланысты дүкенге кіре алмауда. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986031-qostanaida-qaru-zaraq-dukeninen-iri-ort-syqty-adamdar-zertolede-qalyp-qoigan/

pixel