Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі шығарылды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі шығарылды. Әзірге оның жеке басы анықталған жоқ. Бұл туралы Қостанай облысының ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның хабарлауынша, жертөледен ер адамның денесі шығарылды, оның жеке басы әзірге анықталған жоқ. Сонымен қатар, қалалық ауруханаға 1981 жылы туған ер адам жеткізілген.

Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, қару-жарақ дүкеніндегі өрттен 7 адам зардап шеккен.

"Жеті адам зардап шекті, олардың алтауы түрлі деңгейдегі күйікпен стационарға жеткізілді, біреуі ауруханаға жатудан бас тартты", – деп хабарлады басқармадан.

Оқиға орнына 6 жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген.

Өрт болған маңайдағы тұрғындарға да медициналық көмек көрсетілді. Тұрғындар негізінен қан қысымының көтерілуі мен бас ауруына шағымданған.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін сағат 11:20-да Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан "Оружейная палата" дүкенінің ғимараты өртенгені айтылған болатын. Жалын оның жанындағы көлік жөндеу стансасының шатыры мен асхана ғимаратын да шарпыды.

ТЖМ баспасөз қызметі қару-жарақтың жарылуына байланысты құтқарушылардың дүкен ішіне өте алмай жатқандығын жеткізген еді. Ал дүкен иесі ғимарат жертөлесінде 2 адам барын айтты.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986046-qostanaida-ortengen-qaru-zaraq-dukeninin-zertolesinen-er-adamnyn-denesi-sygaryldy/

pixel