Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да таудағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды (видео)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында таудағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Фото: Шығыс Қазақстан ТЖД/Instagram

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян орман шаруашылығында өрт шықты. Жалын шөп мен бұталарды шарпыған. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Оқиға Быков орман шаруашылығының аумағында болған. Өртті сөндіруге орманшылар, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндірушілері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Таулы аймақ болғандықтан өртті сөндіру қиынға соғатыны айтылуда. Өрт аумағы 167 гектарды құрайды.

"Аймақты толық тексеру үшін "Қазавиаорманқорғаудың" Ан-2 ұшағы пайдаланылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

Төтенше жағдай орнында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы кәсіпорны, жергілікті атқарушы органдар мен "Қазавиаорманқорғаудың" 340-тан астам адамы мен 25 техникасы тартылған.

Сонымен қатар, өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған. Ол жалпы көлемі 9 тоннаны құрайтын суды пайдаланып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986132-sqo-da-taudagy-ortti-sondiruge-tikusaq-zumyldyryldy-video/

pixel