Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жол апаты болып, екі көлік жүргізушісі қаза тапты

Опубликовано:

жедел жәрдем
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысы аумағында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 4 қыркүйекте сағат 13:05 шамасында "Көкшетау - Рузаевка" тасжолының 25 шақырымында болған.

Көкшетау қаласы бағытында жүріп келе жатқан Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны басқарған "Газ-330232" көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, "Ваз-2106" және "Лада Калина" көліктерімен соқтығысқан.

Соның салдарынан екі жеңіл көліктің 35 және 71 жастағы жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты.

Бұдан бөлек "Лада Калина" көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Өңірдің полиция департаменті қазіргі уақытта жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986187-aqmola-oblysynda-zol-apaty-bolyp-eki-kolik-zurgizusisi-qaza-tapty/