Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қостанай облысында өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап шықты (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев аумақты тікұшақпен аралауда. Видеодан кадр: Telegram/Bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды президенттің БОРТN1 ресми Telegram-каналы.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты", делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 5 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Еске сала кетейік, кеше, 4 қыркүйек күні кешкісін Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

4 қыркүйек сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Әулиекөл ауданындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асқан.

Оқиға орнына тікұшақтар, ұшақ және 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986202-toqaev-qostanai-oblysynda-ortten-zardap-sekken-aumaqty-tikusaqpen-aralap-syqty-video/