Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Опубликовано:

Президент Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктіне барып, зардап шеккен азаматтармен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ БОРТ N1 Telegram арнасына сілтеме жасап.

Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады.

Президент Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды.

Президент Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті
Фото: t.me/bort_01

Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

"Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді", – деді мемлекет басшысы.

Президент Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті
Фото: t.me/bort_01

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986237-toqaev-qostanai-oblysynda-orman-ortinen-zardap-sekken-azamattarmen-kezdesti/

pixel