Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай қиын": Әулиекөл ауданының әкімі өрт ошағындағы жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов
Ерлан Теменов. Фото: NUR.KZ

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов ауданда атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазір жағдай қиын, бірақ бұрынғыдай емес. Жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды ​​облыстарынан әскерилендірілген бөлімшелердің мыңнан астам жауынгері қатысуда. Олар - экстремалды жағдайда жұмыс істеуден арнайы дайындықтан өткен мамандар", – деп түсіндірді Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов.

Ол қазіргі таңда Қазанбас ауылдық округі, Бағаналы ауылында мамандар қызу жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оған 4,7 тонна бензин, 4,7 тонна дизель отыны жөнелтілді. Жергілікті кәсіпорыннан тағы екі тонна бензин жеткізілген.

"Бүгін біздің өңірге президент келді. Ол зардап шеккендермен сөйлесіп, оларды тыңдады. Біз өз тарапымыздан адамдар эвакуация орындарында өздерін жайлы сезінуі үшін барлық жағдайды жасадық. Бұған дейін зардап шеккендер үш мектепке орналастырылған болатын, бірақ үйі аман қалғандардың көпшілігі кетіп қалды. Біреулер туыстарына кетті. Қазір бір ғана мектеп жұмыс істейді", – деді Ерлан Теменов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи өрт шарпыған Қостанай облысына келді. Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысын өткізіп, зардап шеккендермен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986255-zagdai-qiyn-auliekol-audanynyn-akimi-ort-osagyndagy-zagdai-turaly-aitty/

pixel