Қызылордада ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күйеуі әйелінің қолынан қысып ұстап тұр
Көрнекі фото: Pexels.com

Қызылорда тұрғыны мас күйінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Қылмыс 3 тамыз түні орын алған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайты.

Құқыққорғаушылардың хабарлауынша, 3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы әйелді заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Ауыр дене жарақатын алған келіншек қайтыс болды.

​Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986265-qyzylordada-er-adam-aielin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/