Алматыда автобус өртеніп кетті (видео)
Опубликовано:

Алматыда №38 автобус өртеніп кетті. Әлеуметтік желіде оқыс оқиғаның видеолары мен суреті тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 6 қыркүйек күні таңертең Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлер таңғы 08:00 шамасында көше қиылысындағы қою қара түтінді байқаған.
Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.
"Сағат 08:27-де Әуезов ауданы, Саин-Шаляпин көшесінің қиылысы мекенжайында бағдарлы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен соң, өрт сөндірушілер жедел аттанды. Келген бойда 38-автобустың өртенгені анықталып, оны сөндіру үшін көбікті қоспа қолданылды. Сондай-ақ, автобус конструкциясын салқындату үшін қосымша көбік пайдаланылды", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Stan.kz мәліметінше, ведомство оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986369-almatyda-avtobus-ortenip-ketti-video/