Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шамамен 400 гектар аумақты шарпыған": ШҚО-да орман алқабы өртеніп жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

ШҚО орман алқабы
ШҚО-дағы орман алқабы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында өрт көбейді. Алтай ауданындағы дала өрті ауыздықталмай жатып, Марқакөл орман шаруашылығы қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай ауданындағы дала өрті ырық беретін емес. Өңірде үш тәулік бойы қураған шөп пен бұта өртеніп жатыр. Таулы жер болғандықтан, жұмылдырылған арнайы техникалардың күші толық жетпей отыр. Дегенмен, жедел штаб құрылып, қызыл жалынмен күрес жалғасуда.

"Осы өрттің аумағына ең жақын орналасқан елдімекен 25 шақырым қашықтықта. Бірақ оған төніп тұрған қауіп жоқ. Өрт сөндірудегі ең бірінші қиыншылық - техникалардың таулы жерге жете алмауы. Қазір жалын шамамен 400 гектар аумаққа тарады",- дейді ШҚО ТЖД бас маманы Жадыра Аманғалиқызы.

Өрт сөндірушілер Алтай ауданында дала өртін ауыздықтай алмай жатқанда, Күршім ауданындағы Марқакөл орман шаруашылығы отқа оранды. Онда қарағай мен шырша ағаштары жанып жатыр. Алдын ала дерек бойынша жалынның жалпы аумағы 300 гектарды құрайды.

"Орман өртін сөндіруге облыстық ТЖД-дан, орманшылардан, жергілікті атқарушы органдардан және полицияның 114 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ МИ-2 тікұшақтары мен еурокоптер іске қосылды. Сонымен қатар Өскемен қаласынан көмекке жеке құрамнан 46 адам мен 6 бірлік техника көмекке жіберілді", - деп мәлім етті ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986442-samamen-400-gektar-aumaqqa-tarady-sqo-da-orman-alqaby-ortenip-zatyr-foto-video/