Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүз адам тау бөктеріндегі өртті сөндіруде (видео)

Опубликовано:

Тау бөктері өртеніп жатыр
Алматыда тау бөктері өртенуде. Видеодан кадр. Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда тау бөктері өртенді. Тілсіз жаумен 100 адам күресуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 6 қыркүйекте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 100 адам мен 8 бірлік техникадан тұратын табиғи өрт сөндіруге арналған біріктірілген жасағы Медеу ауданындағы тау бөктерлерінің бірнеше учаскесінде құрғақ шөп өртін сөндіруде.

Өрт сөндіруші машина
Өрт шыққан жердің маңайы. Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Жеке тұрғын үйлерге оттың таралу қаупі бар екендігі айтылуда. ТЖД мәліметінше, Сәрсенбаев көшесі жағындағы өрт ауыздықталған. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер зират маңындағы өртті де сөндірді, жерлеу орындары зардап шекпеген.

Өртеніп жатқан тау бөктері
Тау бөктерінен түтін шығуда. Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін желіде оңтүстік астананың Медеу ауданындағы тау баурайының өртеніп жатқандығы туралы хабарлаған куәгерлердің видеосы пайда болған еді.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тағы екі өрт болды. Таңертең Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында №38 бағыттағы автобус өртенді. Ал сағат 14:00 шамасында Алатау ауданындағы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазжолҒЗИ) ғимаратында өрт шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986457-almatyda-zuz-adam-tau-bokterindegi-ortti-sondirude-video/

pixel