Алматы полициясы жанып жатқан ағаштың қасында тұрған ер адамның видеосын тексеруде
Опубликовано:

Алматы полициясы әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адамды іздеуде. Кадрдан бейтаныс азаматтың өртеніп жатқан ағаштардың қасында тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram арнасы.
Бейтаныс ер адамның ағаштар арасында жанған оттың қасында тұрған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл Көктөбе баурайы жанып жатқан сәтте болған.
Видео авторлары азаматтың әрекетіне ашулы екенін жасырған жоқ. Ал Алматы қалалық ПД Бостандық ауданы полиция басқармасының мәліметінше, бүгінде видеоға түсірілген жер анықталған.
"Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады", - деп жазылған ІІМ ресми Telegram арнасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986491-almaty-policiyasy-zanyp-zatqan-agastyn-qasynda-turgan-er-adamnyn-videosyn-tekserude/