Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы өртті сөндіруге 300-ге жуық адам жұмылдырылды

Опубликовано:

өрт
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданының аумағындағы өрт туралы соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

7 қыркүйек 8.00-дегі жағдай бойынша, Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенген.

Өрттің алдын-ала аумағы 300 га құрайды, ең жақын елді мекен - Тосқайың ауылы, 10 шақырым жерде орналасқан. Елдімекенге ешқандай қауіп жоқ.

Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полицияның 270-тен астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды .

Сондай-ақ МИ-2 тікұшақтары мен еурокоптер іске қосылды. Өскемен қаласынан қосымша күш пен құралдар келуде.

Ведомсто мәліметінше, Күршім ауданы Тосқайың ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері өрт сөндірушілерге ыстық тамақпен қамтамасыз етуде үлкен қолдау көрсетіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Марқакөл орман шаруашылығы отқа оранғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986553-sqo-dagy-ortti-sondiruge-300-ge-zuyq-adam-zumyldyryldy/

pixel