Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау елдімекенге жетуге жақын қалды (фото)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау елді мекенге жақын қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында далалық жер мен орман өрті көбейді. Қазір өрт сөндірушілер төрт ауданда отпен арпалысуда. Алдын ала дерек бойынша, жалынның жалпы аумағы 1100 гектарды құрайды. Ал Глубокое ауданында түнгі сағат 01:00 шамасында тұтанған тілсіз жау елді мекенге жақындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін "Каменный карьер" ауылы от құшағында тұр. Қатты соққан жел әсерінен жалын ырық бермеуде. Елдімекенге бар-жоғы 50 метр ғана қалған.

Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау елді мекенге жақын қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ
"Мұнда құрғақ шөп пен бұта өртенуде. Сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінен, орманшылардан, жергілікті атқарушы органдардан және полицияның жеке құрамының 19 техника мен 118 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ауылды өрттен сақтап қалу үшін, Ұлттық Ұланның 401 сарбазы мен 41 техникасы көмекке келді.

Өртті дереу сөндіруге жел кедергі келтіруде. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетті", - делінген Шығыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау елді мекенге жақын қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ

Мамандар өңірде өрт қаупі сақталып отырғанын жеткізді. Сондықтан жұрттан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986619-sygys-qazaqstan-oblysynda-tilsiz-zau-eldi-mekenge-zaqyn-qaldy-foto-video/

pixel