Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үштөбе маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жеті адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Үштөбеде екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Оқиға орнында түсірілген. Фото: Жетісу облысының ПД

Кеше, 7 қыркүйек күні Жетісу облысында ауыр жол апаты болды. Тас жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жеті адам зардап шекті. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды өңірдегі Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы Үштөбе қаласының іргесіндегі Қаратал ауданында болды.

Полицейлердің мәліметінше, тас жолда Mitsubishi Galant пен "ВАЗ 2106" көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан төрт ересек адам мен үш бала зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

"Шамалап айтсақ, "ВАЗ 2106" автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Талдықорған-Үштөбе тас жолының 32-ші шақырымында рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жапондық шетелдік көлікпен соқтығысқан. Көлікті 36 жастағы ер адам басқарған", – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғаушылар қазір апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986723-ustobe-manynda-eki-kolik-betpe-bet-soqtygysty-zeti-adam-zardap-sekti-video/

pixel