Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы Үржар ауданында алапат өрт болып жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Абай облысының Үржар ауданы алапат өрттің құшағында
Фото: KAZ.NUR.KZ/тілші

Абай облысы Үржар ауданын өрт шарпыды. Екі күннен бері тоқтаусыз жанып жатқан дала өртін сөндіруге Семейден 20 полиция қызметкері аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үржар ауданындағы дала өрті Қарабұлақ ауылынан 18 шақырым қашықтықта тұтанған. Қазір "Шаған-Тоғай" учаскесіндегі қураған қамыс тоқтаусыз жанып жатыр. Бас-аяғы екі күннің ішінде бес мың гектар күлге айналды.

Абай облысы Үржар ауданы алапат өрттің құшағында
Фото: KAZ.NUR.KZ/тілші

Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті ауыздықтауға таулы жердегі жел мен техникалардың өрт ошақтарына жете алмауы кедергі келтіруде. Дегенмен, жұмылдырылған 324 адам тәуілік бойы отпен арпалысып жатыр.

Абай облысы Үржар ауданы алапат өрттің құшағында
Фото: KAZ.NUR.KZ/тілші

Қазір алапат өртті сөндіру үшін Павлодар облысынан да көмекке адамдар келген.

Сондай-ақ, Абай облысының полиция департаментінен де қосымша 20 тәртіп сақшысы аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986772-abai-oblysy-urzar-audanynda-alapat-ort-bolyp-zatyr-foto/

pixel