Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасақана қойылды ма?": Министрлік өкілі елімізде жиілеп кеткен өрттің себебін түсіндірді

Опубликовано:

ТЖМ өрт қасақана қойылмағанын мәлімдеді
Қостанай облысындағы өрт салдары: Георгий Шаповалов/NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жедел штаб құрылып, өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайындағы басқарма бастығы арнайы брифингте баяндады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ірі екі өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Қазір қалада өрт сөндіру жұмыстары бойынша рейд жүргізілуде.

Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті 17 табиғи ошақты бақылауға алған. 8 табиғи орман жіті назарда.

Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығының орынбасары айтуынша, республика бойынша аптап ыстық болудың салдарынан өрттің жиілеуіне әкелген. Дегенмен, БАҚ өкілдері мамандарға апат қасақана болуы мүмкін бе деген сауал жолдады.

"Қазіргі таңда бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ. Яғни бір адамның өртеп жүргені, қастандық істегені немесе өрт қойғаны туралы нақты ақпарат Төтенше жағдай министрілігіне келіп түскен жоқ", - деді ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқарма басшысының орынбасары Тілеуберді Мәдиев.

Ә. Дүкембаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986894-ort-qasaqana-qoiyldy-ma-ministrlik-okili-elimizde-ziilep-ketken-orttin-sebebin-tusindirdi/

pixel