Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған маңында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Опубликовано:

Талдықорғанда локомотив жеңіл көлікке соқты
Фото: polisia.kz

Талдықорған маңында жүк локомотиві жеңіл көлікке соқты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Ескелді ауданында болған.

"Бүгін, 8 қыркүйек күні таңғы уақытта ВАЗ-2109 жеңіл көлігі локомотивтің жақындағанына қарамастан, темір жолды кесіп өтпек болған. Көлікті 35 жастағы азамат басқарған. Локомотив соққысынан жеңіл көлік 15-20 метрге ұшып кеткен", - делінген хабарламада.

Көлік ішінде болған 3 жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986981-taldyqorgan-manynda-poiyz-ben-zenil-kolik-soqtygysty/

pixel