Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жол апаты кісі өлімімен аяқталды (видео)

Опубликовано:

Қостанай облысында жол апаты адам өлімімен аяқталды
Фото: Оқиға орнынан/Видеодан скриншот

Қостанай облысында жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты. Тағы бір әйел мен 1,5 жасар бүлдіршін ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 19.30 шамасында Арқалық-Торғай тас жолының 54 шақырымында Lada Priora көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан, көліктің 21 жастағы жолаушысы көз жұмған.

Ал 26 жастағы әйел мен бір жарым жасар бала ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне себеп болған жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп түсіндірді Қостанай облысы полиция департаменті.

Қазір мамандар адам өліміне әкелген жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1987532-qostanai-oblysynda-zol-apaty-kisi-olimimen-ayaqtaldy-video/

pixel