Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 24 жастағы жігіт Toyota көлігімен баланы қағып өлтірді

Опубликовано:

Жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргінші жолағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысында Toyota Camry жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 10 жастағы баланы қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ІІМ POLISIA.KZ баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасы.

Полицейлердің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 19 қыркүйек күні Талғар ауданында болған.

"Жаңалық ауылындағы "Жетіген – Алматы" тас жолының бойында келе жатқан "Тойота Камри" көлігінің 24 жастағы жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 10 жасар баланы қағып кетті", – дейді баспасөз хабарламасы.

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

"Аталған факті Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", – деді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1988609-almaty-oblysynda-24-zastagy-zigit-toyota-koligimen-balany-qagyp-oltirdi/

pixel